Достық үйінде Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы жанындағы “Жаңғыру жолы” жастар қозғалысы, “Jas Otan” жастар қанаты, ақпарат және қоғамдық даму орталығы мен қалалық жастар ресурстық орталығы арасында меморандумға қол қойылды.
“Жаңғыру жолы” жастар қозғалысының төрайымы Лилия Баймұратова бұл келісімнің өзектілігін, бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтті. Меморандумның мақсаты – өңірдегі түрлі этнос өкілдерінің арасындағы достықты нығайту, жастар саясатын жүйелі түрде жүзеге асыру.
Қалалық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Әлфараби Мыңбай меморандум шеңберінде барлық мүдделі ұйымдарды ортақ мақсатқа жұмылдырудың тиімділігіне, қазақстандық патриотизмді қалыптастыру жолдарына назар аударды.
Ақпарат және қоғамдық даму орталығы коммуналдық-мемлекеттік мекеменің басшысы Нажиба Аккужина аймақтағы жастар ұйымдарының меморандумға қол қою идеясын қолдайтынын жеткізді.
“Қоғамдық келісім” КММ басшысының орынбасары Мария Татаренко іс-шараның маңызын айта келе, кейбір мәселелерді нақтылады. Жастар ұйымдарының өзара ынтымақтастығы мемлекеттік жастар саясатын іске асыру тұрғысынан ғана емес, этносаралық келісім саласында да маңызды бағыт болып табылады.
Болат БАЗАРБАЕВ,
“Қоғамдық келісім” КММ-нің бөлім жетекшісі.