«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Merekelık qūttyqtau

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Құрметті солтүстікқазақстандықтар!

30 тамызда бүкіл Қазақстан халқы басты мемлекеттік мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасының Конституциясы күнін атап өтеді. Биыл мереке ел тарихындағы маңызды кезең – мемлекет Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен тұспа-тұс келіп отыр.

Ата Заң еліміздегі тұрақтылықтың, бейбітшілік пен келісімнің кепіліне, мемлекетіміздің демократиялық дамуының мызғымас іргетасына айналды!

Конституциямызға сүйене отырып, біз өз болашағымызды, еліміз бен туған өлкеміздің болашағын бірге қалыптастырамыз. Экономика, мәдениет, білім, ғылым мен денсаулық сақтау, тұрғын үй құрылысы мен жол-көлік қызметі салаларында ауқымды жобаларды іске асырамыз, туризмді дамытамыз, спортпен айналысу үшін лайықты жағдайлар жасаймыз.

Нәтижесінде біздің облыс өсіп-өркендеп, нақтырақ айтсақ, әр отбасы, әр тұрғын үшін өмір сүруге қолайлы, игі бастамалардың өрісі кеңейген өңірге айналуда.

Еліміздің Ата Заңының жасампаздық әлеуетінің арқасында біз өмірімізді лайықты, ал Солтүстік Қазақстан облысын тартымды ете алатындығымызға сенімдімін.

Қымбатты жерлестер, Сіздерге зор денсаулық, амандық, ертеңгі күнге деген сенімділік және Отанымыз – Қазақстан Республикасы үшін жаңа жетістіктер тілеймін! Мереке құтты болсын!

Құмар АҚСАҚАЛОВ,

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp