«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

«Жасыл» мәртебесі бар тұрғындар ғана кіре алады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында шектеу шаралары күшейтілді. 28 тамыздан бастап демалыс күндері Ashyq жобасына қатысатын нысандарға тек «жасыл» мәртебесі бар тұрғындар ғана кіре алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысына сәйкес, Ashyq жобасына қатысатын барлық кәсіпкерлік нысаны 28 тамыздан бастап түнгі сағат 00.00-ге дейін, ал жоба көшбасшылары түнгі сағат 02.00-ге дейін жұмыс істей алады. Алайда демалыс күндері бұл нысандарға тек «жасыл» мәртебесі бар тұрғындар ғана кіре алады.

«Бұл нысандарға демалыс күндері вакцина алғандар немесе 7 күнге жарамды ПТР тесті бар адамдар, денсаулығына байланысты вакцинаға қарсы тұрақты медициналық көрсетілімі бар немесе коронавируспен ауырғанына 3 ай өтпегендер кіре алады. Ал 30 тамыздан бастап, жай күндері «көк» және «жасыл» түсті мәртебесі барларға кіруге рұқсат. Демалыс күндері қайтадан «жасыл» түстілер ғана кіреді. Бұл жағдайдың қанша уақытқа дейін созылатыны әзірге белгісіз. Қызметкерлер де дәл осы талаппен жұмысқа кіреді», – дейді СҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов.

Шектеу шараларын бұзғандарды анықтау бойынша өңірде жұмыстар жалғасып жатыр. Тамыз айының басынан мониторингтік топтар 1775 нысанды қамти отыра 224 рейд жүргізген. Нәтижесінде 49 тұлға анықталып, оларға 2,9 млн теңге айыппұл салынды.

Үй карантині режимін бұзған адамдарды жауапкершілікке тарту жұмыстары да жалғасады. Ashyq жобасын енгізген нысандарға кіруге тырысқан 17 адам жауапкершілікке тартылды.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp