«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жалға берілетін пәтер бағасы күрт қымбаттады

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда жаңа оқу жылы қарсаңында жалға берілетін пәтер бағасы күрт қымбаттап кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Солтүстік Қазақстан университеті студенттерінің белгілі бір бөлігін ғана жатақханамен қамтымақ. Эпидемиологиялық жағдайға байланысты жатын орын санын екі есе қысқартуға мәжбүр болған.

«Университетте 897 адам грантқа оқиды. 579 адам «Серпін» бағдарламасы бойынша оқиды. Қазір біз бірінші курс студенттерін орналастырып болуға жақынбыз. Жеңілдігі бар екінші курс студенттерін жатақханаға орналастыра бастадық. Бас мемлекеттік санитар дәрігердің қаулысына сәйкес жатақханаға орналастырғанда санитариялық нормалар сақталуы қажет. Қазір бізге әкімдік те көмектесіп жатыр. Қосымша тағы 300 орын табылды. Осылайша 1 курс және жеңілдігі бар студенттер бойынша қажеттілікті толық жабамыз деп ойлаймын. 16-17 шаршы метр болатын бөлмеге бұрын 3 адам орналасатын. Қазір санитариялық талаптарға байланысты мұндай бөлмелерде тек 2 адам ғана тұрады», – дейді университеттің академиялық сұрақтар бойынша Басқарма мүшесі Рената Апергенова.

Маманның айтуынша, жоғары оқу орнының 1512 жатын орны бар. Яғни, қазіргі жағдайда оның жартысына – 756-сына ғана орналастыра алады.

«Ең алдымен грантқа оқуға түскен 1 курс студенттері бөлме алады. Өйткені олардың басым бөлігі кәмелет жасқа толмаған жасөспірімдер. Екінші кезекте квотасы және жеңілдігі барлар алады. Ия, біздің студенттерге жатақханада орын жетіспейді. Өйткені университетте гранттан басқа ақылы оқитын студенттер де бар», -дейді Рената Апергенова.

Мәселені шешу үшін ата-аналардың, студенттердің ортақ чаты құрылған. Олар бір-біріне көмектесуге тырысып жатыр, жалға берілетін бөлме, пәтер жайында ақпармен бөліседі.

«Қазіргі уақытта Петропавлда жалға берілетін пәтерлердің бағасы қолдан көтеріліп отыр. Кей риелторлар жағдайды пайдаланып, жастарға пәтерді көрсеткені үшін және белгілі бір сомаға келісімге отырғаны үшін ғана ақы алған.

Егер өткен аптада бір жатын орынды тәулігіне 2,5 мың теңгеге табуға мүмкін болса, ал пәтер 4,5 мың теңгеге жалға берілсе, осы аптада бір бөлмелі пәтердің бағасы 10 мың теңгеге дейін өсіп кеткен. Әрине, мұндай соманы студенттің қалтасы көтермейді. Облыс аудандарынан келіп оқитындар бар, олар әдетте барлық студенттердің жартысы. Мұндай студенттердің Петропавлда туыстары, таныстары бар, солардың үйінде тұрып оқи алады. Негізінен үштен бірінің баратын жері жоқ», – дейді университет өкілі.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp