Петропавлда екі бойжеткен спирттік ішімдік ішіп, көшедегі аялдаманың әйнегін шағып тастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Петропавл қалалық полиция басқармасының мәліметінше, 1 қыркүйек күні сағат таңғы 5.00 шамасында Петропавл тұрғыны полицияға хабарласып, құрылыс-экономикалық колледждің маңындағы әйнек аялдаманы біреулердің сындырғанын айтқан.
Оқиға орнына жеткен полиция наряды бұзақыларды сол жерде ұстады. Аялдаманың әйнегін шаққандар облыс орталығының тұрғындары – 20 жастағы екі бойжеткен екен. Екеуі де мас болған.
Айтуларынша, екеуінің біреуі осылайша бар ашуын аялдамадан алмақ болыпты.
Осы оқиғаға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы 434-бап – «Ұсақ бұзақылық» бойынша материал жиналды. Іс сотқа беріледі.
Бұл бап бойынша 5 АЕК мөлшерiнде айыппұл немесе 10 тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамаққа алу жазасы қарастырылған.
https://www.inform.kz/