«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

СУРЕТШІ САХИ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітап­ханада Қазақстанның халық суретшісі, кескіндемеші Сахи Романовтың 95 жылдығына арналған “Арт – энциклопедия” шарасы өтті.

Іс-шараның мақсаты қазақ кинематографиясында қолтаңба­сы бар суретшіні еске алып, өскелең ұрпақтың өнерге деген қызығушылығын арттыру болды. “Қазақфильм” киностудиясында еңбек еткен Сахи Романовтың шығармашылығы, ең алдымен, кино суретшісі ретінде, одан кейін кескіндеме мен гарфикалық жұмыстарды өзара тығыз ұштастыруымен ерекшеленеді. Оның барлық шығармалары бай мазмұнымен, баяндалу үлгісінің нақтылығымен, өзіндік айқын қолтаңбасымен, шығармашылық ізденісінің сан қырлығымен дараланады.

Сахидың еңбектерімен көпшілік қауым алғаш рет 1955 жылы қазақ халқының “Қырық өтірік” ертегісі бойынша салған суреттері қойылған республикалық көрмеде танысқан екен. Жиында бұл жылдары республикамызға бір топ талантты жастардың келуіне байланысты Қазақстан өнері де өркендеу, жаңару кезеңіне қадам басқаны айтылды. Сахидың шығармаларын сыншылар қауымы да дер кезінде лайықты бағалап, көрермендер де жылы қабылдаған. Артына өшпес із, өлмес мұра қалдырған кескіндемешінің өнерін ұрпаққа үлгі етіп, шығармашылығын дәріптеу өнегелі іс екенін айту қажет.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp