«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ВАГОН ӨНДІРІСІНДЕГІ ТЫҢ ҚАДАМ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлдағы “Cool infinity” кәсіпорны 2019 жылы изотермиялық вагондар жасауды қолға алған болатын. Бүгінде бұл зауыт елімізде баламасы жоқ өндіріс ошағына айналып отыр. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов зауытқа барып, жаңа желінің жұмысымен танысты.

Атқарылған істер жайлы баяндаған “Cool infinity” ЖШС-і бас директорының бірінші орынбасары Ахан Кәрімов тез бұзылатын өнімдерді тасымалдау үшін арнайы вагондар жетіспейтінін хабарлады. Бұл тек біздің елде ғана емес, көрші мемлекеттерде де өзекті мәселе саналады.

– Былтыр пандемия салдарынан автокөліктер өтетін шекара бекеттері жабылып, тасымал тек темір жол арқылы ғана жүргізілді. Алдағы жағдай не болатынын білмейміз. Мемлекеттер арасындағы тауар айналымы артпаса кемімейді. Сондықтан біздің өнімдерімізге сұраныс та көбейетініне сенімдімін, – деді Ахан Кәрімов.

Облыс әкімі рефрижератор-вагондар құрастыру желісімен танысты. Бұл темір жол көлігінің мүмкіндігі зор.

– Мынау вагондарды “дөңгелекті үлкен тоңазытқыш” деп атауға болады. Тез бүлінетін тағамдарды 21 тәулікке дейін сақтайды. Смартфон арқылы басқарылатын климаттық бақылауы бар автоматты қондырғы орнатылған. Сұраныс жоғары. Қазақстандық және шетелдік компаниялар қызығушылық танытуда. “Маслодел” компаниясы ірі көлемде тапсырыс жасап отыр, – деді Құмар Іргебайұлы.

Зауыт 2019 жылдан бері 100-ден астам изотермиялық вагон құрастырып, тұтынушыларға жөнелтті. Соның 82-сі биыл жасалған. Жыл соңына дейін тағы 57 вагонды нарыққа шығармақ.

Сағындық МАУҒАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp