«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Бүйректен сирақ шығарып…

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Телефон арқылы хабарласқан үш баланың анасы жаңа оқу жылынан бастап оқушылар мектепке еркін фор­ма үлгісінде киініп барады деген Білім және ғылым министрлігінің шешімі орындалмай отырғанын қынжыла жеткізді. Оның айтуынша, ұлы қаладағы №35 гимназияда оқиды. Республикалық ведомоствоның аз қамтылған отбасылар үшін жасалған қамқорлығына қуанған отанасы ақ көйлек, қыры сынбаған қара шалбар мен костюм сатып алып, баласын қолынан жетелеген күйі мектепке барған. Айтуынша, ондағылар мұндай киім үлгісіне қарсы шығыпты. Амалы таусылған ол астанаға дейін сандалып, тапсырыс іздегенін тапқандай көңілде оралса, көк түсті форма жарамайды, сұр түс керек деп тағы да кері қайтарып жіберген.

Біз бұл шағымды облыстық білім басқармасына жолдадық. Ондағы жауапты мамандар биылдан бастап бірізділендірілген мектеп формасымен қатар классикалық стильдегі киім кию­ге де рұқсат берілгенін, бұл шешім эпидемиологиялық жағдай әрі ата-аналардың еркін таңдау құқығы еске­ріле отырып қабылданғанын, ең басты шарт – киімнің бойға қонымдылығы, қарапайымдылығы екенін жеткізді.

Осыны айтып, гимназия басшылығына хабарлассақ, олар мұндай оқиғаның орын алмағанын, бірыңғай мектеп формасына ешқандай шектеу қойылмағанын айтып, ақталып әлек. Сонда кім жалған сөйлеп тұр? Мұндайда не күлеріңді, не жыларыңды білмейді екенсің.

Өмір ЕСҚАЛИ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp