«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Арықбалықтағы шеберхана

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Соңғы жылдары Айыртау ауда­нында жеке кәсіп ашып, отбасылық бизнесті дамытып жатқандардың қатары көбейіп келеді. Жақында Арықбалық ауылында “Эксклюзив” шағын тігін шеберханасы қызметін бастады.

“Фадеев” жеке кәсіпкерлігіне қарасты тігін шеберханасының ашылуына қатысқан Арықбалық ауылдық округінің әкімі Аян Әшімов шағын және орта бизнестің дамуы ел үшін маңызы зор екенін атап өтіп, ерлі-зайыпты Владимир мен Любовь Фадеевтердің отбасылық кәсібіне сәттілік тіледі.

– Ауыл тұрғындарына қызмет көрсететін нысанның ашылуы көңіл қуантады. Жалпы округ бойынша жыл сайын шағын және орта бизнеспен айналысатын кәсіпкерлердің қатары көбейіп, жаңа жұмыс орындары ашылуда, – деді әкім.

Ауыл тұрғындары атынан сөз алған еңбек ардагері, Айыртау ауданының құрметті азаматы Анатолий Мигаль шеберхананың жұмысына толайым табыс тіледі. Ерлі-зайыпты Владимир мен Любовь отбасылық бизнесті ашу үшін ауыл орталығынан жер алып, екі айдың ішінде жаңа нысанды тұрғызды.

– Кішкентайымнан киім тігуді ұнатамын. Мектеп бітіргеннен кейін өзім армандаған мамандығым бойын­ша оқуға түстім. Студент кезде тапсырыс алып, жеке адамдардың киімдерін тігіп, табыс таптым. Жоғары оқу орнын аяқтап, мұғалім-технолог мамандығын алып шықтым. Алайда тігін цехын ашуға мүмкіндік болмады. Бірақ мектепте балаларға технология пәнінен сабақ беріп, жеткіншектерді киім тігуге баулыдым. Енді, міне, жеке кәсіпті қолға алып отырмыз. Өз қаржымызға Алматыдан “Сильвер Рид СК-280” тоқыма машина­сын алдық. Біз тіккен киімдер арзан әрі сапалы болады. Киім тігу технологиясын қатаң сақтаймыз, – деді Любовь Фадеева.

Бағлан ҚОЖАҚОВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp