Ақан сері атындағы облыстық филармонияның 57-ші концерттік маусымы ашылды. Алғашқы концертте “Сегіз сері” атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, “Қызылжар” музыкалық, “Әлқисса” фольклорлық ансамбльдері, “Belcanto” квартеті, “Әдемі-ау”, “Мәңгілік”, “Туған жер” би ансамблдері мен “Sensitive” би театры және филармония солистері өнер көрсетті.
Концерттік бағдарлама барысында “Мәңгілік”, “Туған жер”, “Әдемі-ау” би ансамбльдерінің жаңа туындыларының тұсаукесері өтті. Үстіміздегі жылы филармония жаңа орындаушылармен толықты. Мәселен, қатарға енді ғана қосылған Руслан Мұстафин киелі сахна төрінде Асхат Таушев және Радик Синтиковпен бірге Лучо Далланың “Caruso” әнін шырқап, көрермендер көңілінен шықты. Мәдени кештен қызылжарлықтар ерекше әсермен тарқасты.
Рабиға ЕРАЛЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.