Су температурасының төмендегені жайлы ескертілді
Солтүстік Қазақстан облысында суға шомылу маусымы ресми түрде жабылған, мамандар өзен-көлдерде су температурасының төмендегенін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында суға шомылу маусымы ресми түрде жабылған, мамандар өзен-көлдерде су температурасының төмендегенін ескертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Солтүстік Қазақстан облысында орманда отын дайындап жүрген екі ер адам адасқан қойдың бесеуін мылтықпен атып алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Петропавлда криминалдық полиция қызметкерлері 17 тамыз күні үйінен кетіп, қайтып оралмаған 35 жастағы Сергей Ясимчикті іздестіріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Петропавлда көлік жүргізушісі жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан анасы мен қызын абайсызда қағып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Көкшетаудағы “Астудио-арена” спорт алаңында шағын футболдан отбасылық командалар арасында жарыс ұйымдастырылды. Конституция күніне орайластырыла және елімізде қыркүйек айының екінші жексенбісінде тойланатын отбасы күні мерекесі қарсаңында өткен доп додасына Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарынан алты команда қатысты.
Осыдан 40 жыл бұрын – 1981 жылдың мамырында Финляндияның Тампере қаласында бокстан Еуропа чемпионаты өтіп, бұл жарыс КСРО құрамасының айқын жеңісімен аяқталған. Сарапқа салынған 12 бас жүлденің сегізін Кеңес одағының өрендері олжалаған. Бұл қатарда Алаштың мақтан тұтар ұлы Серік Қонақбаев та болған еді.
Қазақстан халқы тілдері күніне орай С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада “Тіл – руханият тірегі” атты мерекелік шара өтті. Жиында бірқатар тіл жанашырлары марапатталды. Бұл шараға облыс аудандары мен мекемелердің, кәсіпорындардың өкілдері “Zoom” платформасы арқылы онлайн қосылды.
Биыл ата-бабамыз армандаған ел Тәуелсіздігіне қол жеткізгенімізге 30 жыл толады. Тәуелсіздік – халқымызға тәңірден бұйырған қымбат сый. Ұлттық құндылықтарды сақтап, оны одан әрі сабақтастыратын ұрпақ тәрбиелеудегі басты көпір – халқымыздың бар бояуымен, сырлы сазымен сақталып келген ана тілі.
Еріктілердің “Жасыл Арктика” атты халықаралық экологиялық экспедициясы биыл бесінші рет ұйымдастырылды. Қиындығы мен қызығы қатар өрілген саяхатқа екінші рет бардым. Алғаш рет, дәлірек айтқанда, 2019 жылы М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде оқып жүргенде шақырту алдым. Ресейден, Қазақстаннан, Молдовадан, Израильден тағы басқа елдерден еріктілер қатысып, 200 тоннаға жуық темір қалдықтары, 500-ден астам ескі бөлшектер жиналып, 20 …
Жаңа оқу жылы бастала М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде тағы да шу шықты. Өңіріміздегі жалғыз жоғары оқу орнының оқу ақысын қымбаттатуы ешкімді қуанта қоймаған. Енді үш жүзден астам студенттің жатақханасыз қалуы онсыз да жүдеу көңілді тіпті жабырқатып жіберді. Оған облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының әлі бәсеңси қоймаған коронавирустық жағдайға байланысты жатақхана бөлмелерінде тұратындардың санын төрттен …
Ақжол Садыржан Мамлют ауданындағы Бостандық орта мектебінің 10-сыныбында оқиды. Сынып белсендісі. Гуманитарлық пәндерге бейім. Отбасымен Қытайдан тарихи Отанына оралған қандасымыздың баласы. Ақжолдың өлеңге құштарлығы бала кезден басталған. Тырнақалды өлеңдерін қағаз бетіне бастауыш сыныпта түсіріпті. Өлеңдерінің тақырыбы сан алуан. Шабыты сабақ кезінде, оңаша қалғанда, ағаш үстіне шыққанда келетінін өзі жиі айтады. Аудандық, облыстық жыр мүшәйраларында көп …
Мамандық таңдау – әрбір азаматтың өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Сондықтан мың ойланып, жүз толғанып, жаныңа жақын кәсіптің түріне тоқталу қажет. Бұл өз болашағымызды, өз өмірімізді, өз тағдырымызды таңдаумен бірдей.
Облыс аумағында соңғы екі аптада екі бүлдіршін жол-көлік оқиғасы салдарынан мерт болды. Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жаңа оқу жылы қарсаңында елімізде “Абайлаңыз – балалар!” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр. Оның мақсаты – балалардың жолдарда қауіпсіз жүру дағдыларын қалыптастыру, жол-көлік апаттарының алдын алу.
Ұстаз – шәкіртінің бойына білім нәрімен қатар ақыл-парасат пен көркем мінез сіңіруші жан. Сол себепті ұстаз есімі қашанда ардақты. Ал осы ұлағат алып бәйтерек секілді жайқалған әулетте ұрпақтан-ұрпаққа сабақтасып жатса, нұр үстіне нұр. Менің отбасымда да мұғалімдік жолда еңбек етіп жүрген жандар баршылық.
Әлібек Шәкіров – Ішкі істер министрлігі академиясының түлегі. 2017 жылдан бері Петропавл қалалық полиция басқармасының бірінші полиция бөлімінде учаскелік полиция инспекторы болып қызмет етіп жүр.
Үстіміздегі жылы Петропавл қалалық жастар ресурстық орталығы 5207 адамды қамтитын 139 іс-шара өткізді. Соның ішінде студенттер арасындағы ақпараттық кездесулерді ерекше айтуға болады. Іс-шараларды ұйымдастыру барысында барлық санитарлық талаптар сақталуда.