«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

День: 06.09.2021

Өрт – орманның жауы

Куйбышев орман шаруашылығында облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен мемлекеттік орман шаруашылығы мамандарының орман өрттерін сөндіру бойынша біріккен жаттығулары өтті. Шараның басты мақсаты – орман шаруашылығы қызметкерлері мен өртсөндірушілер арасындағы өзара үйлесімді жұмысты пысықтау.

ӘН – КӨҢІЛДІҢ АЖАРЫ

Ақан сері атындағы облыстық филармонияда Светлана Логвиненко мен “Туған жер” ансамблінің шығармашылық кеші өтті.

Кәсіпкерді тақырға отырғызды

Ғимарат салып жатқан петропавлдық кәсіпкер интернет арқылы құрылыс материалдарына тапсырыс берген. “Сатушы” алдын ала төлем жасауды сұраған соң бірден 2 млн. теңгесін аударған ол алаяққа алданғанын кейін түсініпті. Қолына ақша тиісімен-ақ “сатушы” телефонын өшіріп тастаған.

АРТЕМНІҢ АЛТЫНЫ

Ресейдің Омбы қаласында велотректен Гран-при жарысы өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан велошабандоз Артем Заров топ жарды.

“ӨНЕРГЕ АДАЛМЫН”

Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы. Дегенмен сол өнердің киесін білетін, қадір-қасиетін ұғынған адам ғана осы салаға адалдық таныта алады. Өнерге адал азаматтың бірі – Ерден Қожахметов. Петропавл қалалық Мәдениет үйінде жұмыс істейтін ол есті әндерімен тыңдарманның көңілінен шығып, қызылжарлықтарды қоңыр дауысымен тамсандырып жүр. Өнер өлкесінде өзіндік орны бар өнерпазбен жақында сұхбаттасудың сәті түсті.

Апамның астауы

Жуырда жолым түсіп, туған ауылыма бардым. Алдымен зират басына соғып, аруақтарға құран бағыштадым. Менің келетінімнен хабардар жақын ағайынымыз дастарқанын жайып, күтіп отыр екен. Амандық-саулық сұрасқаннан кейін шай ішіп, ас дайын болғанша бой жазу үшін далаға шықтық. Қораның бір бұрышында тұрған ескі астау көзіме оттай ба­сылды. Марқұм апамның астауы. Ұзындығы бір құлашқа жетеға­был, ені үш сүйемдей, …

Апамның астауы Read More »

ӨҢІРДІ ЕҢ ҰЗАҚ БАСҚАРҒАН АДАМ

1936 жылы жеке шаңырақ көтер­геннен бергі 85 жылда Солтүстік Қазақстан облысын 26 адам басқарыпты. Солардың ішінде облыс тізгінін ең ұзақ мерзім – он алты жыл ұстаған Василий Петрович Демиденко екен. 1965 жылдың күзінде партияның орталық комитеті өңірімізді басқаруға Василий Петрович Демиденконы жіберді. Ол бүкіл Кеңес одағы халқының басына түскен аштық басталардың алдында, яғни 1930 жылы …

ӨҢІРДІ ЕҢ ҰЗАҚ БАСҚАРҒАН АДАМ Read More »

Береген қол берекелі

Демеушілік жасау әлеуметтік жауапкершіліктің жарқын үлгісі саналады. Теріскейлік алтын жүректі азаматтар туған өлкенің өркендеуіне үнемі үлес қосып келеді. Солтүстік Қазақстан облысында өткен жылы “Атамекен” бағдарламасы аясында меценаттардың ақшалай қаражаты есебінен 1,4 млрд. теңгеге 456 жоба іске асырылды. Нақтырақ айтсақ, 15 нысан салынды, 145-і қайта жаңартылды. Қайырымдылық бағытындағы 296 жоба білім беру, мәдениет, экология, денсаулық сақтау, …

Береген қол берекелі Read More »

Солтүстік – “сары аймақта”

Пандемия басталғалы өңірімізде коронавирус инфекциясын 22744 адам жұқтырды. Қыркүйектің 6-сы күні облыста 74 тұрғын қауіпті дертке шалдықты.

Жауапты кезең

Мағжан Жұмабаев ауданының диқандар қауымы аса жауапты науқанды жоғары ұйымшылдықпен атқарып жатыр. Олар уақытпен санаспаспай еңбек етіп, әр күнді тиімді пайдаланып қалуға тырысуда.

КЕМШІЛІКТЕРГЕ ЖОЛ БЕРГЕН

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының сарапшылары тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру бойынша көрсетілетін қызмет сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізуде.