Ғимарат салып жатқан петропавлдық кәсіпкер интернет арқылы құрылыс материалдарына тапсырыс берген. “Сатушы” алдын ала төлем жасауды сұраған соң бірден 2 млн. теңгесін аударған ол алаяққа алданғанын кейін түсініпті. Қолына ақша тиісімен-ақ “сатушы” телефонын өшіріп тастаған.
– Соңғы уақытта туыстарыңның біреуі полицияға түсті, шығарып алу үшін ақша беру керек деп телефон соғатын алаяқтар көбейген. Тоғыз фактінің екеуі осындай сценариймен жасалған. Ақша талап етіп, телефон шалғандарға сұрағанын беруге асықпаңыз. Бірден туысыңызға хабарласыңыз. Сондай-ақ сізге банктің қауіпсіздік қызметінің қызметкерімін деп хабарласса да бірден телефон тұтқасын қойыңыз. Ондай жағдайда шоттың жағдайын білу үшін банк филиалына барған жөн. Бөгде адамдарға банк картасына қатысты еш ақпаратты бермеңіздер, – дейді облыстық криминалдық полиция басқармасының бастығы Петр Климов.
Нұрбек БАЕКИН,
облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.