Пандемия басталғалы өңірімізде коронавирус инфекциясын 22744 адам жұқтырды. Қыркүйектің 6-сы күні облыста 74 тұрғын қауіпті дертке шалдықты.
Облыс орталығында індет – 33, Тайынша ауданында – 10, Айыртау ауданында 6 адамнан анықталды. Қызылжар, Мағжан Жұмабаев, Уәлиханов, Аққайың, Жамбыл, Мамлют, Шал ақын және Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда да жаңа жағдайлар тіркелді. Екі аптаның ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1341-ке жетті. Бұл бұрынғы көрсеткіштермен салыстырғанда 41 пайызға төмен. Облыс бойынша 227600 адам екпенің бірінші, 202398 адам екінші компонентін алды. Қыркүйектің 4-нен бастап өңіріміз “сары аймақта”.
– 2020 жылғы 6 қазаннан бастап шекаралық бақылау пункттері арқылы Ресейден автомобиль жолдарымен 240319 адам келді. Оның 5336-да ПТР анықтамасы болмай, “COVID-19”-ға зертханалық тексеру үшін карантиндік стационарларға орналастырылды. Соның ішінде 315 адамнан ауру белгілері анықталды. 1313 шетел азаматында ПТР анықтамалары болмауы себепті Қазақстанға кіруге тыйым салынды, – деді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Арман Күшбасов.
Рабиға ЕРАЛЫ,
“Soltüstık Qazaqstan”.