Ресейдің Омбы қаласында велотректен Гран-при жарысы өтіп жатыр. Байрақты бәсекеде Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан велошабандоз Артем Заров топ жарды.
Жерлесіміз “скретч” бағдарламасында жарыс жолына шыққан болатын. Артем ерлер арасында үздік нәтиже көрсетіп, халықаралық доданың жеңімпазы атанды. Ресейліктер Аркадий Еремкин мен Виктор Подойников екінші және үшінші орындарды өзара бөлісті. Бұл бәсекеде өнер көрсеткен Қазақстан құрамасының өзге мүшелері Әлішер Жұмақан мен Рамис Дінмұхаметов төртінші және бесінші сатыларға жайғасты.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.