«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘҢГІМЕСІ ЖАРАСҚАН

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Полиция қызметкерлерінің көңіл күйіне және олардың жұмысының тиімділігіне әсер ететін маңызды фактор – отбасындағы тыныштық. Отбасы күні қарсаңында облыстық полиция департаментінің инспектор-психологтары полицейлер мен олардың жұбайларына арналған тренингтік сабақ өткізді.

“Динамо” стадионына қалалық және облыс­тық полиция ведомствосынан бірнеше отбасы жиналды. Оның ішінде тергеушілер, ювеналды полиция инспекторлары, учаскелік полицейлер мен облыстық полиция департаменті аппаратының қызметкерлері бар. Санитарлық нормаларды сақтай отырып, инспектор-психологтар бірқатар жаттығулар өткізді.

Тәртіп сақшылары мен олардың зайыптары өзде­рінің сүйікті тағамдарын, кітаптары мен фильмдерін еске алып, қызықты оқиғаларымен бөлісті. Психологтар келін мен ене, баламен қарым-қатынас тақырыбын да назардан тыс қалдырмады. Мазмұнды тренинг соңында ұйымдастырушылар ең белсенді үш отбасын таңдап, оларды марапаттады.

– Біздің отбасымызда өзара түсіністік пен сыйластыққа баса назар аударылады. Бала тәрбиесінде ұлттық салт-дәстүрді ерекше ұстанамыз. Осындай іс-шаралардың маңызы зор, – деді учаскелік полиция инспекторы Дәурен Қамзенов.

Ерлан МАХМЕТОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp