«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ДЕРТКЕ ШАЛДЫҚҚАНДАР АЗАЮДА

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Пандемия басталғалы өңірімізде коронавирус инфекциясын 23052 адам жұқтырды. Қыркүйектің 10-ы күні облыста 72 тұрғынның қауіпті дертке шалдыққаны белгілі болды. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінің өңірлік филиалында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Облыс орталығында індет – 32, Та­йынша ауданында – 8, Мағжан Жұмабаевта 7 адамнан анықталды. Ғабит Мүсірепов атындағы, Аққайың, Жамбыл, Қызылжар, Есіл, Айыртау, Шал ақын аудандарында да жаңа жағдайлар тіркелді. Екі ап­таның ішінде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1117-ге жетті. Бұл өткен кезеңмен салыстырғанда 48 пайызға төмен. Облыс бойынша 230242 адам екпенің бірінші, 206566 адам екінші компонентін алды.

Үйдегі карантин режімін бұзғандарды жауапкершілікке тарту жұмыстары жалғасуда. “Ashyq” жүйесіне қосылған нысандарға кіруге тырысқан 31 адам жазаланды.

Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау жөніндегі ведомствоаралық комиссия­ның отырысында вакцинация бойынша жүргізілетін рейдттердің алгоритмі бекітілді. Рейд барысында бақылау тобы кәсіпорын қызметкерлерінің “COVID-19”-ға қарсы екпенің бірінші компонентін алған-алмағанын тексереді.

– Мамандар “Ashyq” қосымшасы арқылы қызметкерлердің мәртебесін қарап, оларды жұмыс беруші ұсынған адамдардың тізімімен салыстырады. Егер мәртебесі “жасыл” болмаса, қызметкерден екпесіз жұмыс орнында болуға құқық беретін анықтама сұралады. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет органдары рейдтен алынған материалдар негізінде нысанға санитарлық-профилактикалық іс-шаралар өткізу туралы қаулы жібереді. Қаулыда көрсетілген мерзімде қызметкерлерді жұмыс орындарына негізсіз кіргізу фактілерін қайта анықтаған кезде жұмыс берушіні әкімшілік жауапкершілікке тарту туралы мәселе қарастырылады, – дейді облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Әсет Жұматаев.

Үстіміздегі жылғы 15 қыркүйекте тұмауға қарсы екпе науқаны басталады. Тұрғындарға ресейлік Гриппол-Плюс вакцинасы салынатын болады. Вакцинация жұмыс берушілер мен азаматтардың жеке қаражаты есебінен жүргізіледі. Аталмыш екпе медицина қызмет­керлеріне, медициналық ұйымдарда диспансерлік есепте тұрған балаларға, эпидемиологиялық көрсеткіштерге байланысты жұқтыру қаупі жоғары адамдарға тегін қойылады.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp