«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тұрғындар қауіпсіздігі қашан да маңызды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан хал­қы­на арнаған жаңа Жолдауында барлық салаларды дамытуға ба­ғытталған жаңашылдықтар мен негізгі міндеттер айқын­дал­ды. Тәуелсіздіктің жетістіктері ретінде бейбіт өмір мен қо­ғамдағы тұрақтылық, халықтың тұрмыс сапасының жақса­руы және жастардың болашаққа нық сеніммен қарауы ерекше атап өтілді.

Саяси құжатта айтылған­дай, бүгінгі күні елімізде қоғам ты­ныштығын күзетуде маңызды рөл­ге ие учаскелік полиция инс­пек­торларының жұмысына ерекше назар аударылған. Облысымызда 289 учаскелік инспектор бар. Жүк­тел­ген міндеттерді сапалы іске асы­ру үшін оларға барлық қажетті жағ­дайлар жасалуда. Оның ішін­де әлеуметтік қолдау жайына ерек­­ше назар аударылып отыр. Биыл Мамлют ауданында учаске­лік полиция пунктімен біріктіріл­ген үй салынды. Бұл учаскелік инс­пек­тор жұмысының жеделдігін арт­­тырады, азаматтармен тығыз бай­ланыста болуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, жергілікті ат­қарушы органдардың қолдауы­ның арқасында учаскелік полиция инспекторларының жұмысы үшін 86 жаңа автокөлік сатып алынды. Бұл көліктердің басым бөлігі ара­лары бір-бірінен алыс ауылдық округтерге берілді. Учас­келік по­лиция инспектола­рының жұмы­сына бейнетіркегіштерді, план­шет­терді пайдалану, бейне­бақы­лау камераларын енгізу ма­ңызды болып табылады. Мұндай жарақ­тан­дыру қоғамдық тәртіпті нығай­тып қана қоймай, сонымен қатар жұмыстың ашықтығын қамта­масыз етуге ықпал етеді. Бұл сы­байлас жемқорлық тәуе­кел­дері­нің алдын алуда пәрменді тетік саналады.

Жолдауда тәртіп сақшыла­ры­ның алдына қойылған міндеттерді іске асырудағы басты бағдар аза­маттардың қауіпсіздігіне төнетін қатерге тосқауыл болуға мүмкін­дік беретін жедел-қызметтік жұ­мысты ұйымдастыру болмақ. Мем­лекет басшысы айқындаған негізгі қадамдар ашық диалогты және қазақстандықтардың тұр­мыс сапасын жақсартуды қамта­масыз етудің басты бағыты болып саналады.

Марат ТӨЛЕБАЕВ,

облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp