«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ұлттық байқау жеңімпазы

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Мерейлі отбасы” ұлттық байқауының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті. Оған еліміз бойынша жеңіске жеткен 17 отбасы онлайн түрде қатысты.

Іс-шара ұлттық байқаудың тарихы туралы бейнетаспа көрсетуден басталды. Одан кейін қатысушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың онлайн құттықтауын тыңдады.

Байқау жеңімпаздарының қатарында Шал ақын ауданындағы Ольгинка ауылында тұратын көпбалалы Крейдундер отбасы да бар. Отағасы Сергей Крейдун шаруа қожалығында механизатор болып жұмыс істейді. Зайыбы Инна Андреевна – 30 жылдан астам уақыт мектепте бастауыш сынып мұғалімі. Ерлі-зайыптылар 28 жыл бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруде.

Олар Андрей мен Виолетта есімді ұл мен қызды тәрбиелеп өсірді. Отбасының ұйытқысы Инна Крейдун 2017 жылы “Пат­ронаттық отбасы” бағдарламасы бойынша Любовь, Валентина, Петр, Маргарита және Вероника есімді бес баланы тәрбиелеуге алғандарын, бұл шешімге ешқашан өкінбейтіндерін айтты.

Бүгінде балалардың алды ержетті. Жұрт қатарлы еңбек етуде. Андрей қосалқы шаруашылықпен айналысса, Виолетта – тәрбиеші болып жұмыс істейді. Ал Люба – 2-курс студенті. Қалғандары мектепте оқиды. Олардың барлығы қазақ тілін жетік меңгерген.

– Балаларымызды мақтан тұ­тамыз. Біз перзенттеріміз арқылы өмірдің мәнін түсіндік. Білім алып, жұмыс істеп, алға қойған арманымызды жүзеге асыруға мүмкіндік беріп, отбасымызға қол­дау көрсеткен мемлекетке ризашылығым шексіз. Өмірге деген құлшыныс пен оң көзқарас бола­шаққа сенімімізді нықтай түсті, – дейді Инна Андреев­на. Облыс әкімі Құмар Ақсақалов Крейдундер отбасына Мемлекет басшысының атынан диплом мен ақшалай сертификат табыс етті.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp