«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Үздіктерге құрмет

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық төтенше жағдай­лар департаментінде салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Ведомство басшысы Рамиль Камалов кіріспе сөзінде түрлі табиғи апаттарды, қауіп-қатерлерді жоюдың, алдын алудың маңыздылығына, оған қарсы күреске жеке құрамның сақадай-сай әзір екеніне тоқталды. Бұдан кейін жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, қызметтерін адал атқарып жүрген бір топ өртсөндірушіге құрмет көрсетілді.

Қызметте үздік нәтиже көрсе­тіп, қоғамдық өмірде белсенділік танытқаны үшін облыс әкімінің Құрмет грамотасы басқарма бастығы Рүстем Жұмағалиевке, №3 қалалық өрт сөндіру бөлімінің командирі Асыл Ахмановқа, ал Алғыс хат Мағжан Жұмабаев ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы Назымбек Елемесовке, №2 қалалық бөлімшенің командирі Айдын Хамзинге тапсырылды. Бас маман Ренат Симомбаев, №2 қалалық өрт сөндіру бөлімінің аға инженері Асқар Сүйменбаев департаменттің Құр­мет грамотасымен, алдын алу бөлімінің жетекшісі Сәкен Ағзамов Алғыс хатымен марапаттал­ды. Есіл аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің бас маманы Кенжебек Қожахметовке, азаматтық қорғаныс басқармасының аға офицері Қуат Махметовке алғыс жарияланды. Есіл аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Исабек Кәменевке аға лейтенант шені берілді.

Жиын соңында “Мен қазақша сөйлеймін” байқауының облыстық кезеңінің қорытындысы шығары­лып, бірінші орынды Булаево қаласындағы №12 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Евгений Борисенко, екінші орынды қалалық №3 өрт сөндіру бөлімінің жүргізушісі Виталий Ткаченко, үшінші орынды Пресновка кентіндегі №11 өрт сөндіру бөлімінің өртсөндіруші-құтқарушысы Павел Потехин иеленді.

Мақпал ӘЛІМКИНА,

облыстық төтенше жағдайлар департаментінің бас маманы, азаматтық қорғау капитаны.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp