«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІКТІ ТІРКЕУ ЖЕҢІЛДЕДІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Азаматтарға арналған үкіметтің Kaspi.kz-пен бірігіп енгізген жаңа сервисінің арқасында жылжымайтын мүлікті тіркеу жеңілдей түседі. Енді нотариуста жылжымайтын мүлік бойынша мәміле жасасқан жандар мемлекеттік бажды Kaspi.kz қосымшасында бірден төлей алады. Ол үшін нотариус берген түбіртектегі QR кодты сканерлеу қажет немесе қосымшадағы “Мемлекеттік қызметтер” бөлімі арқылы төлем жүргізуге болады.

Бұрын нотариаттық мәміле жасалғаннан кейін нотариус құжаттардың электрондық көшірмелерін бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы жіберетін. Содан кейін мәміле рәсімін аяқтау үшін қызмет алушылар мемлекеттік бажды банкке немесе “Қазпошта” кассаларына барып төлеп, төлем чегін нотариусқа қайта әкелуі тиіс-тін. Жаңа қызмет аясында нотариусқа қайта барудың қажеті жоқ. Қазақстандықтар өз уақыттарын айтарлықтай үнемдейді.

Бүгінде жылжымайтын мүлікті тіркеуге өтінішті халыққа қызмет көрсету орталығы немесе нотариус арқылы да беруге болады.

Ерназар НҰРҒАЛИЕВ,

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ Солтүстік Қазақстан облысы бойынша филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp