Францияның Ницца қаласында “Ironman 70.3” жарысы өтті. Аталмыш сайысқа жерлесіміз, “Астана” велокомандасының бас менеджері Александр Винокуров қатысып, топ жарды.
Жарыс шарты бойынша қатысушылар жүзу, велоспортпен жарысу және жүгіруден сынға түсті. Аламанда Лондон Олимпиадасының жеңімпазы Александр Винокуров өз қатарластары арасында чемпион атанды. 47 жастағы спортшы үш сыннан да сүрінбей өтіп, қашықтықты 4 сағат 55 минут 22 секунд ішінде бағындырды. Жерлесіміз жеңісін ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арнады.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.