«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ТАЛАБЫ ТАУДАЙ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өнер – адам бойындағы ерекше қабілет. Кез келген адам өнерпаз бола алмайды. Шынайы талант қана тасты жарып шығатын таудың жусаны сияқты жарқ етіп көрінеді. Алайда шығармашылықты шыңдау, бойдағы қабілетті дамыту да үлкен еңбекті қажет етеді. Өнерге құштар, үнемі шығармашылық ізденісте жүретін дарынды жастың бірі – Наурызбай Рүстемовтің еңбекқорлығы көпке үлгі.

Айыртау ауданындағы Қарақамыс ауы­лын­да дүниеге келген дарынды жігіт бала кү­нінен өнерге жақын болып өсті. Мектепті бі­тірген соң Көкшетау қаласындағы Ақан се­рі атындағы мәдениет колледжін педагог, мә­дени демалыс ұйымдастырушы, халық ас­паптар оркестрінің жетекшісі бейіні бойынша тамамдады. Студенттік шақта Наурызбай мә­дени шараларға белсене қатысып, бір­не­ше аспапта ойнауды үйренді. Қазір ол дом­бы­ра, фортепиано, сырнай, флейта және ұр­малы аспаптарды шебер меңгерген.

Қолына дипломын алған соң аспандағы аққуға үнін қосқан Ақан сері, Үкілі Ыбырай дүниеге келген қасиетті мекенге оралып, өзінің туған жерінде өнерді дамытуды ал­дына мақсат етті. Бүгінде Айыртау аудандық Мәдениет үйінде жұмыс істейді. Түрлі мә­дени шаралар мен концерттер, байқаулар ұйымдастырады. Өзі де облыстық өнер са­йыстарына белсене катысады.

– “Армансыз адам, қанатсыз құспен тең” демекші әр адам арман қиялында өмір сү­реді. Мен де кішкентай күнімде сахнада өнер көрсетуді армандайтын едім. Айнаға қарап өлең оқып, ән айтып өстім. Көгілдір экран­ның ар жағында ән айтып, аспапта ойнаған өнерпаздарды үлгі тұтып, сахнаға ғашық болдым. Сол бала арман мені алға жетеледі. Қойған мақсатыңа қол жеткізу үшін көп ең­бектену қажет екенін түсіндім, – дейді Нау­рызбай Рүстемов.

Ол республикалық домбырашылар бай­қауында бағын сынап көрді. Жас дарын өнер­дің биік шыңдарын бағындырып, үлкен жетістіктерге қол жеткізсем деп арман­дай­ды. Адам бір орында тұрып қалмауы керек. Сондықтан ұлттық өнерді дамытып, ән мен жыр, күй арқылы көрерменді рухани су­сындатуға бар күшін салуға дайын.

Рабиға ЕРАЛЫ,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp