«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қамданған қапы қалмайды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“СевКазЭнерго” АҚ-на қарасты құрылымдар инвестициялық жобаларды жүзеге асыра отырып, жылу және электр жүйелерін жаңғырту жұмыстарын жалғастыруда. Энергетиктер бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері үшін баспасөз турын өткізіп, журналистерді атқарылып жатқан іс-шаралармен және қысқа әзірлік барысымен таныстырды.

“Севказэнергосбыт” компаниясының бас директоры Мағауия Сағындықов сервис орталығының қызметі барынша оңтайландырылғанын жеткізді. Тиісті құжаттарды жедел рәсімдеу үшін тұтынушы бұрышы жұмыс істейді. Нәтижесінде операциялық залдағы ұзынсонар кезек біршама азайған. Арнайы мобильді қосымша осы айдың аяғына дейін орнатылып, оның көмегімен үйден шықпай-ақ коммуналдық төлемақыларды біліп, есептеу құрылғыларының көрсеткіштерін бере алады. Бұл мақсатқа 18 млн. теңге қарастырылған. Ұзақмерзімді инвестициялық бағдарлама шеңберінде “Android”, “Aios” платформаларына қолжетімді мобильді қосымшалар қойылады. Бұл компания мен тұтынушы арасындағы деректер алмасу үрдісін сапалық жағынан жақсартуға септігін тигізбек.

“Петропавл жылу желілері” ЖШС-нің мамандары №7-ші жылу магистралін қалпына келтірумен қызу айналысуда. Өткен ғасырдың 80-ші жылдары пайдалануға берілген құбырларды жаңғырту жұмыстарына 1 млрд. теңгеден астам қаражат бағытталмақ. Биыл 900 метрі ауыстырылмақ. Мекеменің бас инженері Виталий Холошаның айтуынша, облыс орталығындағы Алматы көшесінде жылу магистралін жаңғыртуға 40 техника тартылған. Үш жылдың ішінде жалпы ұзындығы 1670 шақырымды құрайтын жылу магистралі толығымен жаңаланбақ.

“Севказэнергосбыт” кәсіпорнының қызметін 164 мыңға жуық солтүстікқазақстандық пайдаланады. Қазір мұнда жылу беруге әзірлік қызу жүргізіліп жатыр.

Мұрат НҰРҚАНОВ,

облыстық табиғи монополияларды реттеу департаментінің бөлім жетекшісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp