«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Қару сақтау ережесі

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыс аумағында қазіргі уақытта 7172 азаматтың қолында рұқсат етіл­ген 12 145 қару бар. Жазатайым оқиғаларға жол бермеу, сондай-ақ қаруды ұрлауды және оны одан әрі қылмыстық мақсатта пайдалануды азайту мақсатында тәртіп сақшылары қарудың дұрыс сақталуын жүйелі түрде тексереді. Жуырда “Қару” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті.

– Қару мен оқ-дәрілерді белгілі талаптарға сәйкес құлыпталған сейфтерде сақтау қажет. Қала мәртебесі берілген елді мекендерде тұратын қару иелері дабылқаққыш орнатуға міндетті. Сейфте қарумен бірге құнды заттарды, ақшаны, қаруға берілген құжаттарды және тағы басқаларды сақтауға тыйым салынған. Биыл қаруды сақтау ережесін бұзғаны үшін 493 адам жауапкершілікке тартылды, – дейді облыстық әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ерлан Мәдиев.

Ерлан МАХМЕТОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp