«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҚАУІПТІҢ БЕТІ ҚАЙТҚАН ЖОҚ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Өңірде 12 қыркүйекте 73 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Науқастардың денін­де ауру белгісі бар.

Жаңа жағдайлар Аққайың, Шал ақын, Ғабит Мүсірепов атындағы, Мағжан Жұмабаев, Тимирязев, Есіл, Тайынша, Айыртау, Қызылжар аудандарында тіркелді. Облыс орталығында да ауру жұқтырған науқастар аз емес. ПТР әдісімен зертханалық талдаулар эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша 71 азаматтан алынды. Пандемия басталғалы облыста КВИ-ға – 444520 зерттеу жүргізілді. Өткен тәуліктерде 943 адам сынама тапсырды. Жалпы, өңірде 23279 адам коронавирус инфекциясын жұқтырды. Қыркүйектің 4-інен бастап өңіріміз “сары аймақта”. Алайда сақтық шараларын ұстанып, карантин талаптарын орындау абзал. Өйткені қауіптің беті әлі қайтқан жоқ. Сондықтан мамандар екпе алып, қауіпті инфекцияның таралуына жол бермеу қажет екенін айтуда.

Айнаш САҒЫНДЫҚОВА,

облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp