«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘЛЕМ КУБОГЫНЫҢ ИЕГЕРІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Румынияның Констанца қаласында халық­аралық этникалық мәдениет фестивалі аясында қазақ күресінен “World Cup – 2021” дода­сы өтті. Бәсе­келі жарысқа әлемнің 21 елінен 128 балуан қатысты.

Жарысты еліміздің “Qazaq kuresi” қауымдастығы румыниялық әріптестерімен бірлесе ұйымдастырды. Қос мемлекеттің бастамасымен өткен байрақты бәсекеде “Qyzyljar arlandary” клубының белді мүшесі Мұхит Тұрсынов бағын сынады. 100 килограмм салмақ дәреже­сінде күрескен жерлесіміз жеңімпаз атанды.

Сондай-ақ өзге күрес түрлерінен де жарыстар өткізілді. Атап айтқанда, құраш, аба және қырым күрестері бойынша сайыстар, ат жарыс, садақ ату, семсерлесу, найзамен айқасу сынды көшпенділер ойындары да ұмыт қалмады.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp