«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Тілге жүйрік

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Патрульдік полиция батальонының қызметкері Алексан­др Авдонин – қазақ тілін жетік біледі. Жақында Қазақстан халқы тілдері күніне арналған салтанатты шарада өңір басшысының Алғыс хатымен марапатталды.

Полиция кіші лейтенанты жұ­мыс барысында адамдармен қазақ тілінде еркін сөйлеседі, құжаттарды да мемлекеттік тілде сауатты толтырады. Сондай-ақ ол полиция ведомствосындағы ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімі өткізетін іс-шаралардың ұдайы қатысушысы. Аталмыш бөлім мамандары мемлекеттік тілді үйрету сабақтарын, сайыстар мен флешмобтар және т.б. шараларды жиі ұйымдастырады, облыс, республика көлемінде өткізілетін байқауларға да қатысады. Александр Авдонин – “Мен қазақша сөйлеймін” республикалық байқауының қатысушысы. Аталған сайыстың төртінші кезеңіне құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысты. Қатысушылар қазақ ақындарының Отан, туған жер, қазақ тілі тақырыптарында жазған өлеңдерінен үзінділер оқып, бейнетаспаға түсірді. Александр Авдониннің бейнеролигі “Instagram” желісінде 1400 рет қаралып, 400-дей лайк жинаған.

– Мемлекеттік тілді білу – мемлекеттік қызметші үшін негізгі талап болуы тиіс. Тіл білу өмірде де, жұмыста да көмектеседі, қатынасатын ортаң кеңейеді. Қазақ тілінде ауызекі сөйлеуді бала кезімнен білемін, енді әдеби тілді үйренгім келеді, – дейді Александр Авдонин.

Юрий КЛЫКОВ,

облыстық полиция департаменті ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің инспекторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp