«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Халыққа тегін берілетін дәрі-дәрмек сатып алынды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында халықты тегін дәрі-дәрмекпен қамту мақсатында тұрақтандыру қоры құрылды. Сол қор есебінен 157 млн теңгеге дәрі-дәрмек сатып алынды. Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Асқар Сақыпкереев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Облыста тұрақтандыру қоры құрылып, оған 357 млн теңге бөлінді. Сол қаражаттың ішінде 157 млн теңгеге 21 атаулы дәрі-дәрмек сатып алынды. Облыс көлемінде стационар арқылы 5 түрлі дәрі-дәрмек пациенттерге тегін беріледі. Атап айтсақ, сұранысқа ие ибупрофен мен парацетамол 25 млн теңгеге сатып алынды. Осылайша тұрақтандыру қоры есебінен облыс тұрғындары тегін медикаменттермен қамтылып отыр. Стационардан бөлек, бүгінде 146 дәріхана арқылы да тегін дәріге қол жеткізу мүмкіндігі бар. Сол сияқты қазіргі уақытта қордан тағы 53,5 млн теңге игеріліп жатыр», – деді Асқар Сақыпкереев орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, СҚО-да 129 оқушы коронавирус жұқтырып, 60 сынып онлайн оқуға көшті.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp