«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

АБЫРОЙЛЫ БОРЫШ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қыркүйек айында күзгі әскерге шақырту науқаны басталды. Нау­қан желтоқсан айына дейін жал­ғасады. Өңірімізде жыл сайын әскери парызын өтеуге құштар жас­тардың саны артуда. Күзгі нау­қанда 18 бен 27 жас аралығындағы 550 теріскейлік Қарулы Күштер қатарына қосылмақ. Олар бір жыл бойы темірдей тәртіп пен әскери дағдыға үйренеді. Әскер­ге шақырту алған сарбаздардың алғашқы легі 17-ші қыркүйекте жолға шығады. Он алты азамат Отан алдындағы борышын Алматы облысындағы шекара қызметінде өтемек.

Биыл қарулы күштер қатарына қосылуға жерлесіміз Максим Бартоль да ниетті. Ол Отан алдындағы борышын өтеуді перзенттік парызы санайды. Сондықтан ел қорғауға әрқашан дайын екенін жеткізді.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp