Этномәдени бірлестіктерінің жастар өкілдері “Парасаттылық – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің құрамдас бөлігі” деген тақырыпта дебат ұйымдастырып, “Император” және “Қазақстанның болашағы үшін” командалары өзара сайысқа түсті.
Қызықты өткен пікірсайыс барысында қос тарап сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты тиімді жүргізу үшін өз идеяларын ұсынды. “Император” командасы неғұрлым “жұмсақ” тәсілдерді көздейтін “скандинавиялық” модельді жақтаса, қарсыластары көп елдерде кеңінен пайдаланылатын сингапурлық қатаң модельді ұстану қажеттігін алға тартты. Алғашқылары жеңімпаз деп танылды. Қазылар алқасының төрағасы, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин жастардың өз ойларын шебер жеткізе білгендігін және барлық көкейкесті сұрақтарға толық жауап бергендігін атап өтті.
Дебатты “Қоғамдық келісім” КММ-і мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бірлесіп, 2021 жылға арналған парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде ұйымдастырды.
Жан АЙТМАҒАНБЕТОВ,
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы.