«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жыл мезгілдері

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ерте, ерте, ертеде, ешкі жүні бөртеде Ақ Жайықтың жағасын­да еліне елеулі, халқына қалаулы бір домалақ ана өмір сүріпті. Сол анадан тараған төрт қыз бар екен. Олар өте сұлу болыпты.

Анасы қыздарына жақсы тәр­бие беріп, болашағынан зор үміт күтіпті. Үлкен қызының аты “Көк­тем”. Ол ақ жарқын, мінезі нәзік. Екінші қыз “Жаз” жайдарлы, әр уақытта күлімдеп, нұрын шашып жүреді. Үшінші қызы “Күз” басқа қыздарға қарағанда жылауық, жаңбырлы болады, бірақ қолы ашық мырза екен. Ал кіші қызы “Қыс” басқа қыздарына қараған­да салқын, қаталдау.

Қыздары бой жетіп, саналы да салмақты қыз болып өсіпті. Осы қыздарын анасы құтты орында­рына қондырыпты.

Үлкен қызы арыстай үш ұл туып, үшеуі де ел қорғаған батыр болыпты. Екінші қызы үш қыз туып үшеуі де адамзатқа жан жылуын сыйлай білетін мейірімді қыздар атаныпты. Үшінші қызы жаздай жайдарлы үш қызды дү­ниеге әкеліпті. Төртінші қызы бе­рекесі мен ырысы мол, қолдары ашық, келген қонақты қадір тұ­татын, қонақжай үш қыз өсіріпті.

Осы төрт қыздан өрбіген ұр­пақтары елге пайдасын тигізіп, аңызға айналыпты. Олар жыл­дың төрт мезгілі мен он екі айы екен.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp