«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Сақтық ескерілген

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Оқу жылының басталуына орай облыс орталығындағы студенттер тұратын жатақханаларға мониторинг жүргізілді. “Jas Otan” жастар қанатының жергілікті филиалы жастарды қолдау жөніндегі қоғамдық кеңес мүшелерімен бірлесіп, колледждер мен жоғары оқу орындарының жатақханаларын тексерді.

Санитарлық-гигиеналық талаптарға сәйкес әр бөлмеде 2-3 адамнан ғана тұруға рұқсат етілген. Мониторингтік топтың мүшелері ғимараттарда санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың сақталғанына көз жеткізді. Ғимараттарға кіру “Ashyq” қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ әр қабатта санитайзерлер орнатылған. Ал жатақханалардың кіреберісіне зарарсыздандыру кілемшелері төселген. Барлық жатақханаларда медициналық пункт және оқшаулау кабинеті жұмыс істейді.

Диана ХАЛИМОВА,

М. Қозыбаев атындағы

СҚУ-дің медиаорталығының бас редакторы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp