Дильназ Төлегенова Қожаберген жырау атындағы №6 орта мектептің 7 “ә”-сыныбында оқиды. Оқудан қолы босаған уақытын сурет салуға пайдаланады.
Танымал қылқалам шеберлерінің еңбектерін қарап, білімін шыңдауға тырысады.
Өнерін сынамақ болып оқушылардың арасында өткізілген “Мы – дети космоса” байқауына қатысты. Ұсынған еңбектері бағаланып, құрбыларының арасында мерейі үстем болды. Сөйтіп, алғаш рет бірінші орынға қол жеткізді. Бұл жеңіс Дильназға қанат бітіріп, сурет салуға деген құмарлығын арттыра түсті. Бүгінде облыс орталығындағы өнер лицейінде білім алатын дарынды қыз халықаралық дәрежедегі байқауларда көзге түсіп үлгерген. Болашақта безендіруші болсам деген арманы бар.