«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘУЕЗДІ КЕШ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ақан сері атындағы облыстық филармонияда Қасым Аманжоловтың туғанына – 110 жыл толуына, Мұқағали Мақатаевтың 90, Тұрсынғазы Рахимовтың 70 жылдығына арналған “Сәби болғым келеді” атты ән кеші өтті.

Дәстүрлі әншілердің ұйымдас­ты­руымен өткен мәдени кеште Жанат Айтбаев, Біржан Есжан, Еркебұлан Қарыпов, Ғалымжан Нұрпейісов сынды өнерпаздар Қызылжардың аспанын әнге бөлеп, патша көңілді көрерменді шаттыққа кенелтті. Концерт ба­рысында “Саржайлау”, “Қазағым-ай”, “Аягөз ару”, “Сарыарқа”, “Дариға, домбырамды берші маған”, “Ақсәулем”, “Сәби болғым келеді” атты тамаша туындылар орындалды. Сонымен қатар бұл кеште “Әлқисса” фольклорлық, “Әдемі-ау” қазақ би ансамбльдері өнер көрсетті.

Домбыраның сазды үні күмбір­леп, ән әуелеген әуезді кештен соң көпшілік көтеріңкі көңіл күймен үйлеріне тарқасты.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp