«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

700-ден астам көлік жүргізушісі мас күйінде ұсталған

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында жыл басынан 731 жүргізуші көлікті мас күйде басқарғаны үшін жазаланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавл маңындағы айналма жолда патрульді полиция батальонының экипажы «ГАЗель» көлігін тоқтатқан. Оны басқарған 25 жастағы қала тұрғыны мас болып шықты. Әкімшілік құқықбұзушылыққа қатысты материал жиналып, жүргізуші 7 жылға көлік басқару құқығынан айырылды.

Қазір өңірде «Мас жүргізуші» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатыр. 1 қыркүйек басталған айлықтың мақсаты – жолдардағы тәртіпті нығайту, рөлге мас болып отыру деректерінің алдын алу.

«Көлікті мас күйде басқаратын жүргізушілер жол қозғалысының басқа қатысушыларына үлкен қауіп тудырады. Сегіз айдың ішінде мас жүргізушілердің қатысуымен 16 жол-көлік оқиғасы тіркелді, 5 адам мерт болып, 22-сі жарақаттанды. Жалпы биыл түрлі жол-көлік оқиғаларында 20 адам қаза тапты. Мұндай апаттарға жол бермеу үшін мас күйде көлікке отырмауға шақырамыз», – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

«Мас жүргізуші» операциясының 4 күні ішінде 24 адам жауапкершілікке тартылды. Олар рульге мас күйде отырған. Бұдан басқа 2 мыңнан жолда жүру ережесін бұзу дерегі тіркелді. Жалпы жыл басынан көлікті мас күйде басқарғаны үшін 731 адам жауапкершілікке тартылған.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp