«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Ақыл – жастан

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Этномәдени бірлестіктерінің жас­тар өкілдері “Парасатты­лық – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің құ­рамдас бөлігі” де­ген тақырыпта дебат ұйымдастырып, “Император” және “Қазақстанның болашағы үшін” командалары өзара сайысқа түсті.

Қызықты өткен пікірсайыс барысында қос тарап сыбайлас жем­қорлыққа қарсы саясатты тиімді жүргізу үшін өз идеяларын ұсынды. “Император” командасы неғұрлым “жұмсақ” тәсілдерді көздейтін “скандинавиялық” модельді жақтаса, қарсыластары көп елдерде кеңінен пайдаланыла­тын сингапурлық қатаң модельді ұстану қажеттігін алға тартты. Алғашқылары жеңімпаз деп танылды. Қазылар алқасының төрағасы, облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысының бірінші орынбасары Нұрлан Жахин жастардың өз ойларын шебер жеткізе білгендігін және барлық көкейкесті сұрақтарға толық жауап бергендігін атап өтті.

Дебатты “Қоғамдық келісім” КММ-і мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті бірлесіп, 2021 жылға арналған парасаттылық мәдениетін ілгерілету жөніндегі кешенді жоспарды іске асыру шеңберінде ұйымдастырды.

Жан АЙТМАҒАНБЕТОВ,

сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің бас маманы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp