«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ПТР тестін қолдан жасап, сатып келген

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Петропавлда карантин уақытында шекарадан кедергісіз өтуге мүмкіндік беретін жалған құжаттарды істеп, сатумен айналысқандар ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл жайында ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасында жарияланды.

ҚР ҰҚК СҚО бойынша департаменті шекара қызметімен бірлесе Петропавл қаласының тұрғындары ұйымдастырған «жасырын» цехты әшкереледі.

Тұрғын үйде орналасқан пәтерде карантин уақытында шекарадан кедергісіз өтуге мүмкіндік беретін жалған медициналық құжаттар дайындалып келген.

Жүргізілген тінту барысында қазақстандық және ресейлік медициналық ұйымдардың мөрі, облыстың клиникалық-диагностикалық зертханасы мен емханасының ПТР тест қорытындысы алынды.

«026/у үлгісіне сәйкес диагноз бен емделудің тығыздығын растау үшін аумақтық амбулаториялық-емханалық ұйымның дәрігерлік-консультациялық комиссиясының қорытындылары, шетел медициналық ұйымдарынан емделуге шақыру хаттар, ПТР тест қолдан жасалған. Мұны белгілі бір ақыға Қазақстан Республикасының азаматтарына короновирус пандемиясына байланысты карантин қолданылған кезеңде Ресей Федерациясымен мемлекеттік шекарадан кедергісіз кесіп өту үшін сатып келген», – делінген хабарламада.

Бұл дерекке қатысты ҚР ҚК 394-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp