«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

БАПКЕР ЖЕҢІСІ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Менің бүгінгі спорт саласындағы азды-көпті жетістігім – бапкерлерімнің жұмысының жемісі десем артық айтқандық болмас. Олардың бірі – 35 жасында Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы атанған, КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының құрметті спорт қайраткері Мәлғаждар Омаров. Екіншісі – қазақ күресінен Қазақстан Республикасының жоғары санатты ұлттық төрешісі, “Қазақстан Республикасының құрметті спорт қызметкері” атағының иегері Жанболат Мүсіпов.

Қазан айында аталып өтілетін бү­кіләлемдік бапкерлер күні қар­са­ңында оларға деген жүрекжар­ды ризашылығымды білдіріп, көп­те­ген спорт саңлақтарын тәрбие­леудегі қажырлы еңбектеріне ба­сымды иіп, алғыс айтқым келеді. Алдымен КСРО спорт шебері, Қазақстан Республикасының құр­метті спорт қайраткері Мәл­ғаж­дар Омарұлының өмір жолы­на тоқ­талар болсам, ол 1949 жы­лы 1 сәуірде Ақжар ауданындағы Ұя­лы кеңшарына қарасты Саға ауылында дүниеге келген. Кү­рес­­ке деген қызығушылығы мек­теп қабырғасында басталған. Сам­бо­мен әуестенген ол мек­тепті аяқтаған соң Алматыдағы Қазақ мемлекеттік дене шынық­тыру институтына оқуға түседі. Алты ай өтпей самбодан Х жал­пықа­зақстандық студенттер ойын­­да­рының күміс жүлдесіне ие бола­ды. Кейін самбодан бес рет, қа­зақ күресінен екі рет Қа­зақстан чем­пионы атанды. Бүкіл­одақтық тур­нирде үшінші орын алып, Ке­ңес одағының студент­тер ара­сындағы чемпионатында күміс жүлдені иеленген. Бұл же­тіс­тігі үшін Мәлғаждар Омаровқа КСРО спорт шебері атағы бері­леді.

1971 жылы институтты бітір­ген­нен кейін туған жері Ұялыға оралып, онда балаларды спорт­қа баули бастайды. Тәрбиеле­ну­шілері алғашқы жылдан-ақ, түрлі деңгейдегі жарыстарда жүлделі орындарды иеленді.

Әрдайым жеңіс тұғырынан кө­ріне білген Мәлғаждар Омаровқа Қазақстан Республикасының құр­метті спорт қайраткері, Ақжар ау­данының құрметті азаматы, ұлт­тық санаттағы жоғары төреші атақ­тары берілген.

Екінші бапкерім – Жанболат Еш­кенұлы Мүсіпов. Ол 1964 жы­лы Ұялы ауылында дүниеге кел­ген. 2006 жылы Көкшетау уни­вер­ситетін дене шынықтыру жә­не спорт мамандығы бойынша тамамдаған. Күрес әліппесін Мәлғаждар Омаров ағамыздан үйренген. Жасөспірім кезінен об­лыстық және аудандық жарыс­тар­дың чемпионы, жүлдегері болды. 1988 жылы екі мәрте Со­циалистік Еңбек Ері Ж.Қуаныш­баевтың жүлдесі үшін Жамбыл об­лысының Мойынқұм ауылын­да өткен жарыста жеңімпаз атан­ды. Кейін жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы бо­лып еңбек етті.

2013-2018 жылдары Ақжар аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бастығы қызме­тін атқарды. Қазіргі уақытта ба­ла­лар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтырушы бо­лып жұмыс істейді. Ол ұйым­дас­тырушылық қабілетімен де ерек­шелене білді.

Жанболат Ешкенұлының тәр­бие­ленушілері күрес түрлерінен бірнеше рет республикалық тур­нирлердің чемпионы және жүл­дегері атанды. Олардың ішінде, грек-рим күресінен Ресей Феде­рациясының жеңімпазы Виталий Зубконы, қазақ күресінен облыс чемпионы Қаскен Ешкеновті, ер­кін күрес және қазақ күресінен об­лыс­тың бірнеше дүркін чем­пио­ны, грек-рим күресінен Гер­ма­­ния­­­дағы жарыс жүлдегері Андрей Гетманды, қазақ күресінен об­лыс чемпионатының жүлдеге­рі, қа­зіргі уақытта Ресей Федера­ция­сының Омбы қаласындағы “Ди­намо” қоғамының нұсқау­шы­сы Тимур Евлоевты мақтаныш­пен атауға болады. Мен де об­лыс­тың бірнеше дүркін чемпио­ны және қазақ күресінен респуб­ликалық турнирдің жүлдегері атандым. Шәкірт тәрбиелеуде үл­кен жетіс­тіктерге жетіп жүрген Жан­­болат Ешкенұлы бүгінде қа­зақ күре­сі­нен Қазақстан Респуб­ли­касының жоғары санатты ұлт­тық төрешісі ғана емес, “Қазақ­стан Респуб­ли­касының құрметті спорт қызмет­кері” атағының да иегері.

Менің бапкерлерім – спорт саласының нағыз майталманда­ры. Өздерінен оза туған шәкірт­тері көбейіп, солардың жетістік­те­ріне қуанып ортамызда жүре берсін демекпін.

Серік ӘБІЛХАМИТОВ,

Көкшетау қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің бас маманы.

СУРЕТТЕ: (сол жақтан) Ж.Мү­сіпов пен М.Омаров та­ны­мал бапкерлермен бірге.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp