Петропавлда облыстық жас құтқарушылар сайысы өтті. Онда 18 командадан 80-нен астам өрен сынға түсті.
Қатысушыларға 3 кезеңнен сүрінбей өту талабы қойылды. Алдымен болашақ құтқарушылар 100 метрлік кедергілер жолағынан өтсе, кейін төрт қабатты мұнараға сатымен көтеру және жауынгерлік қанат жаю сынды сайыстар болды. Биылғы өңірлік сында Расул Мұхамедиев жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді.
– Бұл менің алғашқы жарысым емес. Бұған дейін дәл осы спорт түрінен жасөспірімдер арасында өткен ел біріншілігінде сайысқа түстім. 1-ші орын иеленіп, өңір намысын абыроймен қорғап қайттым, – дейді ол.
Аманжол НҰРТАЗИН,
“Soltüstık Qazaqstan”.