«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жол картасы — жіті назарда

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

“Nur Otan” партиясы депутаттық фракциясының мүше­ле­рі “Өзгерістер жолы: әр адамға – лайықты өмір!” сайлауалды бағ­дарламасын жүзеге асыру бойынша қабылданған жол кар­тасының орындалу барысын талқылады. Облыстың, ау­дандар мен Петропавл қаласының 1134 бөлімнен тұратын 5 жылдық даму жоспары жасалған болатын. Онда қамтылған бар­лық іс-шаралар қоғамдық кеңестер мен депутаттық кор­пустың тұрақты бақылауына алынып, жүзеге асырылу ба­рысы ұдайы назарда.

2021-2025 жылдарға арналған облысты дамытудың жол карта­сында 7 бағыт бойынша 129 іс-ша­ра жоспарланса, осы кезге де­йін 17 пайызы орындалды, 64 па­йызы орындалу үстінде. Атап айтқанда, “Qyzyljar” еркін эконо­микалық аймағында “CLAAS” ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру, электр техникалық за­уыт ашу жұмыстары атқарылып, 210 орындық заманауи жұқпалы аурулар ауруханасы және қуаты 2,1 мың тонналық көтерме-тарату орталығы пайдалануға бе­ріл­ді. “QYZYLJAR art centre” бірегей мәдени орталығы бой көтеріп, “Маслодел” ЖШС-нің өндірістік же­лісі кеңейтілді. Ақжар ауда­нын­да диірмен, Шал ақын ауда­нында Құлеке батыр атындағы дене шынықтыру-сауықтыру ке­ше­ні ашылды. Айыртау және Ға­бит Мүсірепов атындағы аудан­дарда тауарлы-сүт фермалары, Қызылжар ауданында кірпіш за­уыты салынуда.

Жиында білім беру, тұрғын үй құ­рылысы, жолдарды жөндеу, жы­лу, ауызсу желілерін таруға қа­тысты атқарылатын істер де ай­тылды. Инклюзивті білім беруді дамыту мәселесі туралы білім басқармасы басшысының орын­басары Елена Гонтарьдың есебі тыңдалды. Оның айтуынша, об­лыста ерекше білім беру қажет­тілігі бар 0-18 жас аралығындағы 4 мыңнан астам бала бар, олар­дың 1152-і – мүгедек. 1307 бала мек­тепке дейінгі ұйымдарда, ар­найы және жалпы білім беретін мектептерде оқиды. 26 арнайы бі­лім беру ұйымы, оның ішінде 7 ар­найы мектеп-интернат, 3 психо­ло­гиялық-медициналық-педагоги­калық кеңес беру, 15 психоло­гиялық-педагогикалық түзету ка­би­не­ті, “Асыл мирас” аутизм ор­та­лығы, №40, №2, №27 мектеп­терде ресурстық кабинеттер жұ­мыс істейді. №21, №8, №23 мек­тептерде “Болашақ” корпора­тив­тік қайырымдылық қорымен бір­лесіп инклюзивті оқытуды қолдау кабинеттері орналасқан. Депу­тат­тық фракция мүшелері бұл ба­ғытта атқарылған жұмыстарды әлі де ширата түсу қажеттігін айтты.

“Еңбек” мемлекеттік бағдарла­ма­сын жүзеге асыру жайы да на­зардан тыс қалмады. Биыл бұл са­лаға республикалық бюджет­тен 1,939 млдр. теңге бөлінген. “Қа­зіргі уақытта аудандарға көшіп келушілерге берілетін 242 үйді сатып алуға дайындық шара­ла­ры жүргізілуде. Бір баспананың құны 8 млн. теңгені құрайды”, – деді облыстық мәслихаттағы “Nur Otan” депутаттық фракциясының жетекшісі Әсем Рахметова.

Ілияс СӘБДИНОВ,

“Nur Otan” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp