«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ҰЛТТЫҚ СПОРТТА ҰПАЙЫМЫЗ ТҮГЕЛ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында ұлттық ат спорты түрлерінен ел чемпионаты өтті. 2000-2003 жылдары туған жастар арасындағы жарыста екі жерлесіміз жүлдегер атанды.

Аламанға ұлттық спорт десе ішер асын жерге қоятын нағыз са­йыпқырандар қатысты. Өңір на­мысын “Арғымақ” ұлттық ат спор­ты клубының мүшелері қорғады. Виктор Тимофеев аударыспақ­тан үздік атанды. Ол 85 кило­грам­нан жоғары салмақта өнер көрсетіп, ақтық сында түркістан­дық Ғабит Ағабектен басым түсіп, алтыннан алқа тағынды.

52 килограмм салмақ дәреже­сінде 9 спортшының ішінен финалға түркістандық Алтынбек Жарас пен солтүстікқазақстан­дық Рамазан Сәлім шықты. Өкінішке қарай, тартысқа толы жекпе-жекте “Арғымақ” клубы­ның өкілі жеңіліп, күміс медальді місе тұтты. Қос спортшының жат­тықтырушысы Санат Есмағұ­ловтың айтуынша, жарыс жоға­ры деңгейде өтті.

– Облыста аударыспақ спор­ты қа­натын кеңге жайып келеді. Спорт­шылардың деңгейі жыл­дан-жылға өсуде. Оған дәлел, Виктор мен Рамазанның биылғы маусымда жеткен жетістіктері. Қос спортшы шілде айында “Ұлы дала рухы” фестиваліне де қа­ты­сып, күміс жүлдегер атанған бо­ла­тын. Осы жолы да жақсы өнер көрсетті, – дейді Санат Серікұлы.

СУРЕТТЕ: В.Тимофеев пен Р.Сәлім бапкерлері Санат Ес­ма­ғұловпен бірге.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp