«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӘН БАЙҚАУЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Облыстық қылмыстық атқару жүйесі департамен­тіне қарасты ЕС 164/6 түзету мекемесінде ән байқауының іріктеу кезеңі өтті. “Дауыс” тележобасы негізінде ұйымдастырылған байқауға қатысуға әйелдер колониясынан 18 жазасын өтеуші ниет білдірген.

Қазылар алқасының құрамында түзету мекемесінің қызметкерлері, “Жас қанат” халықаралық байқауының лауреаты, облыстық филармонияның әншісі Мұрат Бекжанов болды. Бірінші кезеңде төрешілер орындаушыларды көрмей, тыңдау арқылы келесі бөлімге өткізіп жатты. Сайыстың екінші кезеңіне 9 сотталған өтіп, олардың дайындалуына бір апта уақыт берілді. Олар берілген тақырыпқа сай концерттік нөмір әзірлейді. Ал үшінші кезеңде эстрада жұлдыздарының танымал әндерін орындамақ.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp