«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Баптай білгенге жер жомарт

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Күздің құбылмалы күн райына алаңдаған диқан қауымында маза жоқ. Бар мақсаттары – ала жаз бойы маңдай термен баптап өсірілген ел ризығын жауын-шашынға ұрындырмай толық жинап алу. Қолдағы мәліметтер бойынша бүгінге дейін 2 млн. 707 мың гектар алқаптың дәнді дақылдары орылып, 91,4 пайызы бастырылды. Егіс алқаптарынан қызыл дән сапырған қырмандарға 4 млн. 42 мың тонна астық жөнелтілді. Гектар шығымдылығы 10,6 центнерге жуық. Ал сапасы көңілдегідей.

Қызылжар, Есіл, Аққайың, Мағжан Жұмабаев, Ғабит Мүсірепов атындағы аудандарда шығымдылық жоғары. Астық бастырудан Тимирязев пен Ғабит Мүсірепов атындағы аудан алда келеді.

Бүгінгі күні 327 шаруашылық дәнді дақылдарын толық жинап алды. Айыртау ауданы Константиновка ауылдық округіндегі “Константиновка” шаруашылығы 7 мың гектар бидайды, 3100 гектар арпаны толық бастырып, майлы дақылдарды жинауға қызу кіріскен.

Аққайың ауданында келесі жылдың қамына дайындық қатар жүргізілуде. 80,1 мың гектар сүдігер жыртылып, 16,3 мың тонна тұқым қамбаға құйылды.

Бахтияр ТОҚЖІГІТОВ,

облыстық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы агрономия бөлімінің жетекшісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp