Петропавлда жеңіл көлік бағдаршам бағанына соғылып, бір адам алған жарақатынан ауруханада қайтыс болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Петропавл қалалық полициясы басқармасының мәліметінше, жол-көлік апаты бүгін таңға жақын сағат 3-тен 40 минут кеткенде болған.
«Toyota Avensis» жеңіл көлігінің жүргізушісі Жамбыл – Қ.Конституциясы көшелерінің қиылысында рөлге ие бола алмай қалып, бағдаршам бағанына соғылған.
Жарақат алған екі жолаушы бірден облыстық аураханаға жеткізілді.
Алайда, олардың біреуі емдеу мекемесінде көз жұмды.
Полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғасына қатысты материал жинап жатыр.
https://www.inform.kz/