«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Полицейлер екі күндік «Жолда қабылдау» акциясын өткізді

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер екі күндік «Жолда қабылдау» акциясын өткізіп, онлайн кеңес ұйымдастырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

СҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция қызметкерлері Instagram мен Facebook-тегі ведомствоның ресми аккаунттарынан сегіз рет тікелей эфирге шығып, «Жолда қабылдау» екікүндік акция аясында онлайн кеңес ұйымдастырылды. Облыстық полиция қызметкерлерінен бөлек, тікелей эфирлерге қалалық және аудандық бөлімдердің полицейлері де шықты.

«Жол қозғалысы қауіпсіздігін ұйымдастыру мен қамтамасыз ету, қаруды тіркеу, көші-қон мәселелері – эфир барысында түрлі сипаттағы ондаған сұрақтар келіп түсті. Әр сұраққа жауап беріліп, кей мәселелер анықтау және алдағы уақытта шешу үшін назарға алынды», – дейді СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Ерлан Мәдиев.

Әкімшілік полицейлер тікелей эфирде онлайн байланыстан бөлек, «кері байланыс» арқылы WhatsApp пен арнайы құрылған Call-орталықта сұрақтарды қабылдады. Жалпы, «Жолда қабылдау» өткен екі күнде өңдеуге 150-ден аса сұрақ келіп түсті.

«Ашықтық пен айқындылық, ішкі істер органдарының құзыретіне кіретін мәселелерге жедел ден қою – қазіргі заманғы полиция жұмысына қойылатын негізгі талаптар. Сонымен қатар, әлеуметтік желі қолданушыларымен конструктивті диалог құру «сақадай сай тұруға» және қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша уақтылы шара қабылдауға септігін тигізеді. 2021 жыл біздің жүйе үшін «Құқық бұзушылықтардың алдын алу және «халыққа жақын полиция» қағидатын қамтамасыз ету жылы» болып бекітілген», – деп атап өтті СҚО ПД бастығы Марат Төлебаев.

https://www.inform.kz/

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp