«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ӨНЕР ДОДАСЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

17-19 қыркүйек күндері Көкшетау қаласында ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Шахмет Құсайынов атындағы Ақмола облыстық қазақ музыкалық драма театрының 25 жылдығына орай ІІІ аймақтық театрлар фестивалі өтті. Айтулы шараға С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының өнерпаздары да қатысты.

Фестивальда Қарағанды, Қоста­най, Павлодар облыстық қазақ театрлары өнер көрсетті. Солтүстік аймақтағы руханият ордаларын бір жерде тоғыстырған өнер сайысында сахнагерлердің тамаша туындылары көрерменге жол тартты.

– Бұл аймақтағы театрлар үшін көптен күткен кездесу болды. Пандемияға байланысты мұндай шаралар біраз уақыт кейінге шегерілгені белгілі. Фестивальға қатысып, шығармашылық құрам бір жасап қалғандай. Өзара шүйіркелесіп, достықты нығайтып, өзге әріптестерімізбен уақытты қызықты өткіздік. Сахна төрінде өз өнерімізді көрсетіп, шығармашылық тәжірибе алмастық, – дей келе С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының көркемдік жетекшісі Дәурен Тойбазаров мәдени шараға біздің сахнагерлер “Қарапайым адам” комедиясын ұсынғанын атап өтті. Спектакльдің қоюшы режиссері Тәжікстанның халық әртісі, режиссер, драматург, театр және кино актері Барзу Абдуразаков. Фестиваль қорытындысы бойынша көрерменнің ыстық ықыласына бөленген театр ұжымы “Үздік актерлік ансамбль” аталымымен марапатталды.

Ақмарал ЕСДӘУЛЕТОВА,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp