«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ВЕНГРИЯДАН ОЛЖАЛЫ ОРАЛДЫ

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Венгрияның Будапешт қаласында кикбоксингтен әлем кубогы өтті. Байрақты додаға дүниежүзінің 45 мемле­кетінен 2 мыңнан астам спортшы қатысты. Ел құрамасы сапында жерлестеріміз өнер көрсетіп, қанжығаларын майлап қайтты.

Әлем кубогында солтүстікқазақстандық Аслан Асылбеков 60 килограмм салмақ дәрежесінде сынға түсіп, фул контакт санатында үш кездесу өткізді. Ақтық сында өз отандасына қарсы шығып, чемпион атанды. Осылайша Аслан алтын медаль алып қана қоймай, халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады. Ал 57 килограм салмақ дәрежесінде күш сынасқан Данияр Жарасов қола медаль еншіледі. Қызылжарлық спортшы Ресейдің өкіліне есе жіберді.

Бұл жарыста Қазақстан құрамасы атынан 32 кикбоксшы бақ сынап, 26-сы жүлдегер атанды. Қоржында 12 алтын, 8 күміс және 6 қола медаль бар. Жалпыкомандалық есепте еліміз жетінші орынға тұрақтады. Бірінші орын Венгрия командасына бұйырды.

Аманжол НҰРТАЗИН,

“Soltüstık Qazaqstan”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp