«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Дайындық пысықталды

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Ғабит Мүсірепов атындағы ауданда “Жер–2021” халықаралық командалық-штабтық оқу-жаттығу іс-шарасы өтті. Бұл шараға азаматтық қорғау құралым­дарының өкілдері қатысты.

Оқу-жаттығу барысында Алма­ты облысында жойқын жер сілкі­нісі салдарынан туындаған төтен­ше жағдайды жою кезінде азамат­тық қорғаудың мемлекеттік жүйе­сінің басқару органдары мен күш­терінің іс-қимылдары пысықтал­ды. Осындай қауіпті төтенше жағ­дайлар кезінде еліміздің әрбір өңі­рінен апаттық-құтқару және іздес­тіру жұмыстарын жүргізу, табиғи катаклизмнің салдарын жедел жою үшін күштер мен құралдар тар­тылады. Біздің өңірден де он­дай шараларға 230 бірлік техника және жеке құрамнан 1252 адам жұмылдырылады. Олар пойыз­дар­мен және автомобиль көлік­терімен жіберіледі. Облыстың күш­тері мен құралдарын топтастыру жер сілкінісі болуы мүмкін аймақта 14 тәулік бойы автономды режім­де жұмыс істеу үшін барлық қажет­тіліктермен қамтамасыз етілген.

Оқу-жаттығу шеңберінде шұ­ғыл жиынтық жасағын құру, ша­тырлы лагерьді және зардап шек­кендерді қабылдау пунктін жаю, жер сілкінісі ауданына автоколон­наны жылжыту және теміржол плат­формаларына инженерлік тех­никаны тиеу бойынша бес тәжі­рибелік іс-шара пысықталды.

– Оқу-жаттығу қорытындысы бо­йынша жергілікті атқарушы орган­дардың, облыстық төтенше жағ­дайлар жөніндегі департамент­тің, шаруашылық жүргізу нысан­дары мен құралымдарының же­дел си­паттағы міндеттерді ше­шудегі, Қа­зақ­стан Республикасы­ның жер сіл­кі­нісінен зардап шек­кен ауданда­рына күштер мен құ­ралдарды да­йындау және жөнел­ту жұмысының үйлесімділігі мен тиімділігіне баға бе­рілетін болады, – деді депар­тамент бастығының орынбасары, подполковник Мұрат Қанғожинов.

Әсел СҮЙІНДІКОВА,

облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің төтенше жағдайды жою бөлімінің аға инженері, азаматтық қорғау аға лейтенанты.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp