«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жастарға – зор сенім

Soltüstık Казахстан

 Kyzylzhar_akparat@mail.ru

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингке қатысқан облыстық мем­ле­кеттік қызмет істері жөніндегі департа­мент басшысының орынбасары Жанат Жұ­мабаев Президенттің жастар кадрлық ре­зервіне іріктеу өңірде қалай ұйымдастыры­лып жатқаны жайлы баяндап берді.

Жанат Жеңісұлының айтуынша, резерв­те болу мерзімі 3 жылды құрайды. Оған жа­сы 35-тен аспаған, жоғары білімі бар, еңбек өтілі кемі 5 жылды құрайтын кез келген адам қатыса алады. Бүгінге дейін 120-ға жуық сол­түстікқазақстандық өтініш берген. Биылғы іріктеудің жаңалығы, үміткерлерге мемле­кет­тік тілді меңгеру деңгейін растау талабы ұлттық стандарттарға сәйкес орташа дең­гейден (В1) төмен болмауы керектігі ен­гі­зілген. Сонымен қатар бұл жолғы кон­курс­тың бір айырмашылығы, басты мақсат бұ­рын­ғыдай білімді, дағдыларды анықтау емес, ойы ұшқыр кандидаттардың шынайы келбеті мен құндылық бағдарларын анық­тауға бағытталған. Осыған байланысты, ірік­­теу кезеңдеріне ахуалдық міндеттерді ше­шу (эссе жазу және жобаны таныстыру орнына) және мінез-құлық сұхбаты (құ­зы­рет­тілікті бағалау жұмысы шеңберінде) сияқ­ты бағалаудың жаңа тетіктері енгізілген. Президенттік резервтегілер саяси мемле­кет­тік лауазымдарға, «А» корпусының мем­лекеттік әкімшілік лауазымдарына және «Б» корпусының басшы лауазымдарына таға­йын­далуы мүмкін.

Президенттің жастар кадрлық резервіне іріктеу күрделі сандық және мәтіндік ақпа­ратпен жұмыс істеу қабілетін бағалау, си­туа­циялық тапсырмаларды шешу, сарап­шы­лық комиссияда әңгімелесуден өту сияқ­ты кезеңдерден тұрады. Әр кезеңде үміт­кер­лердің көшбасшылыққа тән мінез-құлық, ұйымдастырушылық қарым-қабілет, проб­ле­маларды көре білу, білімділігі, тапқыр­лығы, тағы басқа қасиеттері бағаланып, са­раптамалық комиссия мүшелері ұпай саны бойынша жоғары нәтижеге жеткен канди­дат­тарды резервке алу туралы ұлттық ко­миссияға ұсыныс береді.

– Президенттің жастар кадрлық резервін қалыптастыру қағидалары Президент Жар­лы­ғымен бекітілген. Құжаттарды қабылдау 30 қыркүйекте аяқталады. Қазіргі таңда 119 солтүстікқазақстандық өтініш берді. Ақжар, Уәлиханов, Қызылжар аудандарының жас­тары өте белсенді. Ассесмент-орталық ар­қы­лы стратегиялық ойлау, проактивтілік, қыз­метті басқару, командалық көшбасшы­лық, сенімділік сияқты жаңа формациядағы көшбасшыларға тән бірқатар мінез-құлық құзыреттіліктерін анықтауға мүмкіндік бар, – деді Жанат Жұмабаев.

Махаббат САМРАТ,

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік қызмет істері департаментінің бас маманы-баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp